Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мотоциклмен соқтығысқан Toyota жүргізушісі жол-көлік оқиғасында кінәлі деп танылды

Мотоциклмен соқтығысқан “Тойота” жүргізушісі жол-көлік оқиғасында кінәлі деп танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықтау басқармасы хабарлағандай, бұл факт Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшесінің қиылысында орын алған.

– Н.М.Сеитов азамат, “Тойота” көлігін оңтүстік бағытта басқарып, Баянауыл көшесіне қарай солға бұрылыс жасап жатқанда, қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан “Ямаха” маркалы мотоциклді жібермей, соқтығысты, нәтижесінде мотоцикл жүргізушісінің денсаулығына зиян келтірілді. Сот-медициналық сараптама белгілегендей, орташа дәреже. Сеитов азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлімі бойынша квалификацияланған. Тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдары сотқа өткізілді, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сот шешімімен Н.М.Сейтов азамат көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 60 АЕК көлемінде соммасы 166 мың 680 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру