Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мүгедектікке шығарып беремін“: Түркістан облысында алаяқтықпен ақша алған күдікті әйел ұсталды

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықпен ақша алған күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің полицейлері мүгедектікке шығарып беремін деген сылтаумен бірнеше тұрғынның ақшасын алып,  өткен жылдың шілде айынан бері алдап келген күдікті әйелді ұстады.

Нақтырақ айтсақ, жергілікті тұрғынның сырттай танысы қызын мүгедектікке шығарып беремін деп алдап, құжаттарымен бірге 145 мың теңгесін алған. Осы уақыт ішінде не мүгедектікке шыға алмаған, не ақшасын қайтара алмаған тұрғын алданғанын түсініп, аудандық ПБ-ға арызданды. Сонымен қатар, мүгедектігін растайтын анықтама алып беремін деген күдіктінің сөзіне сенген егде жастағы тағы бір тұрғын полицейлердің көмегіне жүгінді. Ол күдіктіге 350 мың теңге ақша берген. Алайда күдікті осы уақытқа дейін анықтамасын, не болмаса ақшасын да бермеген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары жәбірленушілердің арызына орай шұғыл түрде іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, күдікті ретінде бұрын сотты болған шымкенттік әйел ұсталды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру