Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мұғалжар ауданында кезекті алаяқтықфактілері анықталды

Ақтөбе облысында бірнеше тұрғынның қомақты мөлшерде ақшасын алдап алған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылы жасалған бірнеше алаяқтық фактілерін Мұғалжар ауданының 39 жастағы тұрғыны жасаған.

Былтыр тамыз айында Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылының 39 жастағы тұрғыны Марат Оспанов атындағы медицина университетіне грантқа түсуге көмек көрсету мақсатында Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының 46 жастағы тұрғынының сеніміне кіріп, 950 мың теңге ақшасын жымқырған.

Сондай-ақ, 2019 жылдың тамыз айында дәл сол сылтаумен 1989 жылы туылған Ембі қаласының тұрғынынан 800 мың теңге көлемінде ақша алған.

Тағы бір жағдай, әйел 2019 жылдың тамыз айында банкте есепте тұрған арзан тұрғын үйді сатып алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен Ембі қаласының тұрғынын алдап, одан 1,3 млн теңге көлемінде қаражат алған.

Жәбірленушілер полицияға тек 2020 жылдың маусымында жүгінген. ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті тұрғындарға сақ болуға және алаяқтық фактілерін болдырмау мақсатында бейтаныс адамдарға сенбеуге ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру