Нан орнына смартфон әкелді
Алматы облысты ҚАЖД 155/14 мекемесіне нан орнына тыйым салынған заттарды кірбізбек болған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған мекеменің жедел топ қызметкерлері нан тасымалдайтын «ГАЗЕЛЬ» автокөлігін тексеру кезінде «Samsung Galaxy-3» маркалы мобильді телефон, смартфон және пайдалануға жарамды екі СИМ картаны тауып, тәркіледі.
Автокөлік жүргізушісі А. мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған осы заттарды жасырып алып кірмек болғандықтан, заңнама шеңберінде тәркілеу актісі жасалып, әкімшілік іс-қағазы толтырылды. ҚР ӘҚБтК 428-бабына сәйкес, газель автокөлігінің жүргізушісі Қапшағай қалалық сотымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.