Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Наурыз мейрамы қарсаңында СҚО полициясында 35 ардагер, жұртшылық өкілдері мен полицейлері марапатталды

Наурыз мейрамы қарсаңында СҚО полициясында 35 ардагер, жұртшылық өкілдері мен полицейлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында солтүстікқазақстандық полиция басшылығы бірқатар қызметкерлерді, ардагерлерді және жұртшылық өкілдерін марапаттады. Қонақтар мен жеке құрамға ведомстводағы Мәдени орталықтың погондағы әртістері дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Жеке құрам мен ардагерлердің алдында сөз сөйлеген Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтардың сүйікті мерекелерінің бірі екенін атап өтті. Сондықтан бұл күндері қызметкерлер алдында жерлерестерінің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету міндеті тұр.


Мереке қарсаңында құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен 30-дан астам адам марапатталды. Олардың қатарында ішкі істер органдарының ардагерлері, этномәдени бірлдестіктердің өкілдері, жұртшылық, облыстық және қалалық полицияның қызметкерлері бар.

– Осындай шуақты, көктемгі мерекеге орай еңбегімді бағалап жатқанына өте қуаныштымын. Марапат алғандардың әрқайсысы мен сияқты ерекше көңіл күйде екеніне сенімдімін. Өз атымнан барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Барлығына ашық аспан, жақсылық және молшылық тілеймін, – дейді СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының аға инспекторы Ерік Кәрібаев.

Жылдағыдай өңір полицейлері бұл жолы да мерекеге ерекше дайындалды. Апта бойы қызметтер мен бөліністер ұлттық салт-дәстүрлерге арналған тақырыптық байқауларға қатысып, қайырымдылық шараларын қолға алды. Байқау нәтижелері салтанатты жиында шығарылды. Ерекшеленген бөлініс басшылары дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

Бұдан бөлек, жуырда Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны кавалериялық бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен жылқының қазақ халықының өміріндегі маңызды ролі туралы патриоттық бейнеролик түсірілді.

Барлық мереке күндері полицейлер солтүстікқазақстандықтар мен облыс қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күшейтілген түрде қызмет атқармақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру