Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ҚАЖ департаментінде Наурыз мейрамы тойланды

Елордалық ҚАЖ департаментінде Наурыз мейрамы тойланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментінің Наурыз мейрамына қатысты бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, жеке құрам арасында ұлттық спорт түрлерінен, яғни күрестен және арқан тартудан жарыс өткізілді. Жарыста алдыңғы қатардан көрінген қызметкерлерге жүлделі марапаттар берілді.

Сонымен қоса, мерекелік дастархан жайылып, қызметкерлерге наурыз көжеден дәм тату ұсынылды. Іс-шараға қатысты ұлттық нақышта киім кіию үлгілері көрсетілді.


Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С. Естаулетованың қызының бір жасқа толуына байланысты тұсау кесер рәсімі орындалды.

Іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Д.Рақымбеков қызметкерлерді Наурыз мейрамымен құтықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру