Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Назар аударыңыз – балалар!”: Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 26 тамыздан бастап 6 қыркүйек аралығында “Назар аударыңыз – балалар!” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шара барысында әкімшілік полиция қызметкерлері облыс бойынша жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, білім ошақтарына іргелес жатқан жол учаскелеріне 210-нан астам зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалар мен елді мекендердің жолдарына 90 астам жол белгілері орнатылып, ауыстырылды. 98 мектеп маңына ақ-сары жол белгілері жасатылып, 51 білім нысанына жасанды жол дөңестері орнатылды.

Жаяу жүргіншілермен соқтығысудың алдын алу мақсатында реттеуге келмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында балалардың 10 көрнекі фотомакеттері дайындалып, пайдаланылуда.

“Назар аударыңыз – балалар!” деп жүргізушілерге үндеу жасаған шығысқазақстандық полицейлер жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Мектептер мен балабақшалардың жанында, реттеуге келмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өткенде, әсіресе аулаларда өте сақ болыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру