Нұр-Сұлтан полицейлері Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады
Нұр-Сұлтан полицейлері Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын атап өтті. Жолдауда отбасылық-тұрмыстық саладағы жауапкершілікті күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылықты елемеуге болмайтынын атап өтті.
– Жанжалқойлардың жазасыздығы олардың қолдарын ашады, іс жүзінде олардың құрбандарын қорғансыз қалдырады. Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтетін кез келді деп санаймын. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің қоғамды айыптаудан немесе біреудің тарапынан қысым көруден қорқуына болмайды. Ол үшін полицейлер барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, олармен өте мұқият жұмыс істеуі керек, – деді Президент.
Учаскелік полиция инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністерінің қызметкерлері осы бағытта мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізуде. ҮЕҰ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, полицейлердің дағдарыс орталықтарымен тығыз өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді. Елордада тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін Дағдарыс орталығы ашылды, онда оларға білікті құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.
Полиция агрессорлармен тікелей жұмыс істейді. Жыл басынан бері зорлық-зомбылыққа ұшыраған 27 әйелге мамандардың көмегі көрсетілді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына байланысты болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Осыған байланысты департамент есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, оларды заңсыз жарнамалау және интернет арқылы тарату үшін жауапкершілік күшейтілді.
Жыл басынан бері елорда аумағында синтетикалық есірткі түрлерімен байланысты 108 есірткі қылмысы анықталды. Төрт есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Президент Жолдауында интернет және телефондық алаяқтық саласындағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мәселесі жеке қаралды. Осындай қауіп-қатерлерді анықтау және бейтараптандыру бойынша ақпараттық-талдау жұмысын күшейту тапсырылды.