Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер такси жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Елордалық полицейлер такси жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала әкімдігімен бірлесіп 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында “Назар аударыңыз – балалар!” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде. Бұл іс-шаралардың мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың көше мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын бекіту, өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ көлік жүргізушілерінің назарын балалардың жол-көлік жарақатына аудару.

Полиция департаменті аталған акция аясында білім беру ұйымдарында, мектептерде, балабақшаларда жол қозғалысына қатысушыларды да, жаяу жүргіншілерді де жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақыратын, жол қозғалысы ережелерін үйрететін арнайы сабақтар өткізуде.

Аталған акция аясында жүргізушілерге автокөлікті басқару кезінде кәмелетке толмаған жолаушыларды арнайы құралдарсыз тасымалдауға тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру