Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласының ПД елорда әкімдігінің қолдауымен жаңа учаскелік полиция пунктін ашты

Нұр-Сұлтан қаласының ПД елорда әкімдігінің қолдауымен жаңа учаскелік полиция пунктін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ашылу рәсіміне Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен Есіл ауданы Полиция басқармасының бастығы Мадияр Айтуғанов қатысты. ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу және “қолжетімді полиция” қағидасын қамтамасыз ету жылы деп жариялады.

Президент халыққа Жолдауында “Халық үніне құлақ асушы мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойып, азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді жауап берілу керектігін атап өткен болатын.

Осы орайда, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала Әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері елорда аумағында бірнеше учаскелік полиция пунктін ашты.

Есіл ауданы 2008 жылы құрылып, сол кездегі тұрғындар саны 100 мыңға жуық болды. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш үш есеге өсіп, тұрақты тұрғындар саны 311 мыңнан асып отыр. Келіп кететін қонақтарды есептегенде, 350 мыңға жуық азамат бар. Тиісінше, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлеріне жүктеме де сәйкесінше өсті.
Ұлы дала көшесінде жаңа учаскелік полиция бекетінің ашылуы, азаматтардың барлық өтініштеріне жедел жауап беруге және сол аумақтағы құқық бұзушылықтың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру