Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қызды тонап кетті
Елордалық полицейлер қаскөйді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу оның 16 жастағы қызының ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткенін айтты.
Жәбірленушінің cөзінше, кешкі уақытта жасөспірім Республика даңғылының бойымен келе жатқан, осы уақытта оған бейтаныс ер адам жақындап келіп, оның қолынан «Redmi» маркалы ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.