Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда алаяқ жасөспірімнің миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырып кеткен

Елордалық полицейлер “дуаны кетіріп беремін” деп кәмелетке толмаған қыздың ақшасын иемденіп алған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті “Сарыарқа” ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 40 жастағы әйелді ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің Теміртау қаласының тұрғыны екені анықталды. Елордада жүргенде ол үйдің ауласындағы кәмелетке толмаған қызға жақындап, онымен әңгімелескен. Күдікті әйел 17 жастағы жасөспірімді “отбасындағы дуаны кетіріп, жақындарымен қарым-қатынасты жақсартып, болашақ өмірін бақытты етемін” деп алдаған. Әйел ақысына ақша әкелуді сұраған. Ешнәрседен күдіктенбеген қыз үйден анасының 965 мың теңге көлеміндегі барлық жинаған ақшасын алып шыққан. Ақшаны иемденген әйел қашып кеткен.

Елордалық жедел уәкілдермен жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында алаяқ әйел Теміртау қаласында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты “Алаяқтық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру