Нұр-Сұлтанда АПБ ЖПҚ бастығы өткен жылғы жұмысын қорытындылады
Нұр-Сұлтанда аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы өткен жылғы жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасының ЖПҚ бастығы Жалғас Жақыпов 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы халық алдында есеп берді. Қала тұрғындары сұрақтар қойып, шағым және ұсыныстармен тікелей жүгіне алды.
Полицейдің айтуынша, аудан аумағындағы криминогендік жағдай тұрақты және толық бақылауда. Өткен жылдың 12 айында 4 мыңнан астам қылмыс тіркелді, олардың басым бөлігі ұрлық болып табылады.
Жалғас Жақыповтың айтуынша, қылмыстарды ашуға ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша «ізі суымай» 1200 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 160 қылмыскер ұсталды, хабар-ошарсыз кеткен 55 адамның орналасқан жері анықталды.
Полиция мен халықтың жемісті ынтымақтастығы арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдарға уақтылы көмек көрсету және олардың тәртіп сақшыларына сенімін арттыру басты назарда. Бүгінде «сервистік полиция» қағидаттары бойынша жергілікті полиция қызметінің жүйесі айтарлықтай жетілдірілді, жұмыстың жаңа тетіктері, құралдары мен әдістері енгізілуде. Процестерді оңтайландыру негізінде «Тиімді учаскелік» моделі жасалуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және «Қадамдық қолжетімділік полициясы» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметін реформалау шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы негізгі буын болып табылатын учаскелік полиция инспекторларына басты рөл беріледі.
Учаскелік инспекторлар 300 мыңға жуық азаматты қамтитын WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде жалпы үй чаттарына қосылған. Бұл бағыттағы жұмыстар полиция мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуда өзін табысты көрсетті.
Кез келген құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қабылданады. Әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 23 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елорда аумағында заңсыз жұмыс істейтін хостелдер мен жалға берілетін пәтерлерді, жанжалқойларды және азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де адамдарды анықтау бойынша «Учаске» және «Құқықтық тәртіп» атты жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігінің алдын алу және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жылыту маусымы кезеңінде учаскелік полиция инспекторлары Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жеке үйлерді аралап шығады. Барлығы 88 мыңға жуық тұрғын үй алабын аралаумен қамтылды.
«Аулаларда қабылдау» кең ауқымды акцияларын өткізу тәжірибеге енгізілді, бұл азаматтарға өз проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді. 2021 жылы «Сарыарқа» ауданының қызмет көрсетілетін аумағында осындай 45 акция өткізілді.
Өткен жылы учаскелік инспекторлар «Сарыарқа» ауданының тұрғындарымен 456 есеп беру кездесуін өткізді, барлығы 15 мыңнан астам азамат қатысты.