Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Марат Төлебаев ер адамды құтқарған полицейлерді марапаттады

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев көпірден секірмек болған ер адамды құтқарған ержүрек полиция қызметкерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, қайсарлығы мен жанқиярлығы үшін Департамент бастығының бұйрығымен Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары Акмедияр Нұрсейітов пен Қайрат Құснеденов қол сағаттарымен марапатталды. ПД бастығының грамотасымен Нұржан Кенжеғалиев пен Ренат Қайырғали марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 3 сәуірінде сағат 07.22-де Жедел басқару орталығының “102” арнасына Қабанбай батыр даңғылында көпірден ер адамның секірмек болғаны жөнінде шақырту түскен болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру