Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ойынқұмар жігіт анасының алтын сақинасын ұрлап кетті

Тәртіп сақшылары кезекті ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны оның үйінен құны 450 мың теңге тұратын алтын сақинасы жоғалғаны туралы арызданған.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері оның 18 жастағы ұлының ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Жас жігіт үйде анасы жоқ екенін пайдаланып, зергерлік бұйымды ұрлап кеткен. Қаскүнем сақинаны сатып, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңсеге ұтысқа тігуге жұмсамақ болған.

Күдікті өз әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру