Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда Полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдады

Елордалық полиция басшысы Марат Төлебаев санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтар Департамент басшысына шағым, өтініш және талап-тілектерімен тікелей жүгінді. Әр азамат қойған сұрақтарына толықтай жауап алды. Тұрғындар негізінен алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу, іс материалдарын қарау кезіндегі қызметкерлердің әрекеттері мен әрекетсіздігі және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар көтерді.

Елордалық полиция бастығы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және сындарлы жауап беруге қатысты бірқатар нақты фактілер бойынша басшыларға тиісті тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін материалдарды Департамент басшысы жеке бақылауға алды.

Өз кезегінде азаматтар Полиция департаментінің басшылығына уақыт бөліп көңіл аударғандары үшін алғыстарын білдірді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ашықтық пен айқындық және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мұндай қарым-қатынас елорда тұрғындарымен арада тығыз байланыс орнатуға және шағымдарға дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Марат Төлебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру