Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасының бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/1 мекемесінің бастығы лауазымына Ағыбай Мухин тағайындалды.

Ағыбай Какимжанұлы құқық қорғау органдарында қызметін 2003 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖКБ ЕС-164/8 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінде жасақ бастығы болып бастаған. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын оқып бітірген.

Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру