Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді
Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады.
Олардың ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.
Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.