Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен полициясының басшылығы қызметкерлердің ата-аналары мен отбасыларын құттықтады

Өскемен полициясының басшылығы қызметкерлердің ата-аналары мен отбасыларын құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасында Отбасы күнін мерекелеуге орай Өскемен қаласы Полиция басқармасының басшылығы биыл қызметте белсенді және қызметтік істерінің үздік нәтижелерін көрсеткен қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті.

Салтанатты мерекеде ата-аналар әр адамның өмірінде үлкен рөл атқаратыны атап өтілді. Балалардың жетістіктері – оларды лайықты және дұрыс тәрбиелеген ата-аналардың еңбегі.

– Отбасы әрқашан әр адамның тірегі және қолдауы ғана емес, сонымен қатар Ішкі істер органдарында қиын қызмет жолын таңдаған адам үшін сенімді тыл болып табылады. Балаларын лайықты тәрбиелеген ата-аналар заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне өз үлестерін қосуда, – деді Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Баяндинов.

Сондай-ақ, мерекеге орай Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қатарынан жас отбасылар марапатталды.

– Отбасы – бұл ең үлкен бақыт. Бұл жаңа өмірдің бастауы және дәстүрлердің қасиеттілігін құрметтеу. Өскемен қаласы полиция басқармасының қабырғасында жас отбасылар пайда болып, қоғамға жаңа леп берушілер құрылғаны қуантады. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін, – деп атап өтті Марат Баяндинов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру