Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады.

Олардың ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі “Бұзақылық” бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.

ВИДЕО МҰНДА

Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.                                                                                                

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру