Нұр-Сұлтанда ұландықтар алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады
Ұландықтар елордада алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып келе жатқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінен бөлінген әскери жасақ күдікті көрінген ер азаматты ұстады.
Көшеде қисалаңдап келе жатқан азамат әскери жасақ бастығы қатардағы Бекарыс Рахадиловтың ескертуін ауыр қабылдап, аса мән бермеген. Алайда жіті қимылдаған жасақ бастығы патрульшілер қатардағы Арман Бақытжанов және Аслан Бесжановпен бірге ер азаматты ұстап, мән-жайды анықтау үшін «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасына жеткізген.
Сол жерде аталған азаматтың алаяқтық әрекетке қатысы бар екені анықталды.
Белгілі болғандай, ол 2015 жылдың 9 шілдесінде алдау арқылы құны 60 мың теңгені құрайтын Samsung телефонын иемденіп кеткен.