Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда велосипед ұрлаған үш күдікті ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында велосипед ұрлығын жасағаны үшін 36, 35 және 29 жастағы үш күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адамдар өз рөлдерін мұқият бөліскен. Олардың бірі тұрғын үй кешенінде электриктің көмекшісі болып жұмыс істеп жүріп, үйдің кіреберісінде қалған велосипедтерді іздеген. Олардың біреуі ұрлық жасаған, ал екеуі төменде күтіп алып тұрған. Үш күннің ішінде қаскүнемдер үш велосипед ұрлап, өзара бөлісіп алған.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.   

“Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, екі дөңгелекті көлігіңізді қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Велосипедтерді ұрылардың жеміне айналдырмас үшін жоғары сапалы ұрлыққа қарсы велосипед құлыптары мен шынжырларды қолдануды ұмытпаңыз. Тұрақ ретінде бейнебақылау камераларының көру аймағында орналасқан жақсы көрінетін жерлерге қойыңыз”, – деді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру