Нұр-Сұлтанда ювеналды полиция қызметкерлері тұрмысы нашар отбасыларды аралады
Нұр-Сұлтанда ювеналды полиция қызметкерлері тұрмысы нашар отбасыларды аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу және ескерту мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар бірқатар ұйымдастырушылық-профилактикалық іс-шараларды қабылдауда.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмысы балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алумен ғана шектелмейді. Қызметтің жеке бағыты ата-аналармен жұмыс болып табылады.
Өкінішке орай, кей ата-ана өз балаларын тиісті деңгейде тәрбиелемейді. Бұған ішімдік ішу, үлкендердің әдепсіз мінез-құлқы және тағы да басқа факторлар әсер етеді. Мұның бәрі кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне кері әсер етуі мүмкін.
«Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Сарыарқа» ауданы ПБ қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілімен, психологиялық қолдау қызметінің психологтарымен және әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп, ІІО-да ерекше бақылауда тұрған отбасыларға профилактикалық әңгіме жүргізу үшін барып қайтты.