Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 3250 интернет-алаяқтық тіркелген

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 3250 интернет-алаяқтық тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кибер алаяқтықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде профилактикалық шараларды қабылдауда. Ведомстволық интернет-ресурстарда және БАҚ-та бейнероликтер көрсетіліп, интернет желісіндегі айла-амалдардан қалай сақтану туралы ұсынымдар орналастырылады.

Ағымдағы кезеңде полиция қызметкерлері 110 алаяқты ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олар 150 миллион теңге сомаға залал келтірді. Ұсталған адамдар негізінен 20-35 жас аралығында.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың келесі түрлері туралы ескертеді: бұл – онлайн-мәмілелерге байланысты алаяқтық. Пайдаланушылар басқа жарнамалармен салыстырғанда тауарлардың төмен бағасына түседі. Сонымен қатар, сатушылар тікелей байланыстардан аулақ болуға тырысады, сатып алушыны асықтырып, психологиялық тұрғыдан 100% алдын ала төлем аудару арқылы “соқыр” сатып алуға сендіруге тырысады. Егер сіз онлайн-сатып алуды шешсеңіз, онда алдын ала төлем жасауға асықпаңыз, тауардың бар-жоғына және оның сапасына көз жеткізіп, интернет-дүкен туралы пікірлерді білуіңіз керек. Сатушыдан тауарды бейне қоңырау арқылы көрсетуді сұраңыз.

Интернет-алаяқтықтың тағы бір түрі “Olx.kz тауарларды жеткізу қызметін” пайдаланумен байланысты. Алаяқтар сатушылармен байланысып, сатып алушының рөлін атқарады және қызметті пайдалануды ұсынады. Ол үшін олар банк карталары мен ЖСН деректемелерін толтыру сілтемесін жібереді. Шын мәнінде, бұл фишингтік сілтеме және сайттағы жеткізу қызметтері жоқ. Карталардың деректемелерін көшіре отырып, ақшаны жымқырады.

Сондай-ақ, банк карталарынан ақшаны жымқырумен байланысты алаяқтықтың түрлері бар. Мысалы, алаяқтар карта иелерінің абоненттік нөмірлеріне қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады. Сөйлесу кезінде олар карта бойынша алаяқтық әрекеттер туралы хабарлайды және сенімге кіріп, алаяқтық транзакцияларды болдырмау үшін SMS-құпия сөздерін жазуды сұрайды. Алайда сіздің банк деректеріңіз бен құпия пароль алаяқтың қолына түссе, онда олар ақшаны міндетті түрде жымқыратынын көбісі біле бермейді.

Алаяқтықтың тағы бір түрі – әр түрлі жобалар мен криптовалюталарға инвестиция салу. Үйден шықпай-ақ компьютерде ақша табу сәнге айналуда. Бірақ егер сіз мұны қалай жасау керектігін білмесеңіз, онда өз ақшаңызды бейтаныс адамдарға бермеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру