Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО полицейлері 6 мың литрге жуық заңсыз алкогольді тәркіледі

Жыл басынан СҚО полицейлері алты мың литрге жуық заңсыз алкогольді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алкоголь — адамдарды заң бұзушылыққа итермелейтін факторлардың бірі. СҚО-да биылғы жылы 1750 аяқталған қылмыстық істің ішінде 473 қылмыс масаң күйде жасалған. Олардың арасында – басым бөлігі дене жарақаттарын келтіру, бұзақылық, автокөлікті айдап әкету, ұрлық. Алкогольге қарсы заңнаманы бұзумен күрес учаскелік полиция инспекторлары үшін қылмысты алдын алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады. Жыл басынан полицейлер қоғамдық орындарда масаң күйде келген 8776 адамды жауапкершілікке тартты. Құрамында спирт бар өнімдерді сатуға шектеулерді сақтауға рекше көңіл бөлінеді. Тәртіп сақшылары: құрамында 30% алкоголь бар сусындарды сағат 23-тен таңғы сағат 8-ге дейін сатуға тыйым салынғанын еске салады. Қуаттылығы күшті ішімдікті сағат 21-ден сағат 12-ге дейін сатуға шек қойылған. Қаңтардан бастап облыста алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларының 106 бұзушылығы анықталды. Сонымен қатар, 137 сауда орынының иесі рұқсат құжатсыз ішімдік сатқаны үшін жазаланды. Лицензияланбаған алкоголь сатқаны үшін тоғыз адам жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 5829 литр құрамында спирт бар өнім алынды.

– Жұмыстың жеке бағыты – “маскүнем” санаты бойынша есепте тұрған адамдарды тексеру, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов. — Практика көрсеткендей, олар үшін тығырықтан шығудың бір жолы мәжбүрлеп емделуге жіберу. Масаң күйде жиі құқық бұзушылық жасау бұған негіз болып табылады. Басқа жағдайдарда туыстарынан өтініш хат талап етіледі. Жыл басынан учаскелік инспекторлар наркологиялық ұйымға 153 адамды мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру