Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтандық полицейлер қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Террористік актілердің салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің плацында жеке құрам сапқа тұрып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және террористерге тойтарыс беру кезінде сегіз полиция қызметкері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаруланған қылмыскерлердің қолынан қаза тапты.

«Олар қайсарлық пен ерлік танытып, қызметтік және әскери борышын өмірінің соңына дейін адал орындады. Олар қызметтестері мен Қазақстан халқының есінде мәңгі қалады», – деді елордалық полицияның басшысы Ержан Саденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру