Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды

Қызылордалық полицейлер қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпыұлттық аза тұту күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің ғимаратында  Мемлекеттік ту төменге түсірілді. Департаменттің жеке құрамы қаз-қатар тізіліп, бес қорап құрып, сапқа тұрды. Бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилерге, құқық қорғау  органдарының қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.

– Қызылордалық полицейлер барлық Қазақстан халқымен бірге қайғыруда. Бұл біздің еліміз үшін үлкен трагедия, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

– Бірде бір адам бей-жай қарап қалмауы тиіс. Ел басына күн туған сәтте бейбітшілік пен тұрақтылық болуы үшін біз бірігуіміз керек. Ең бастысы – халқымыздың амандығы мен еліміздің тыныштығы, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің барлық қызметкерлері және Ардагерлер кеңесі қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру