Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық тәртіп сақшылары қаза тапқан әріптестерін еске алды

Атыраулық тәртіп сақшылары қаза тапқан әріптестерін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде сегіз полиция қызметкері мен әскери қызметшілері қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты.

10 қаңтарда Атырау облысының Полиция департаментінің барлық бөліністерінде Полиция департаментінің басшы құрамымен ІІО-ның ардагерлері және жеке құрам қызметкерлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

– Олар ерлік пен батылдық танытып, өз қызметтік және әскери борышын соңына дейін абыроймен орындады. Әріптестеріміздің қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқаны өте өкінішті. Олардың есімдері біздің жүрегімізде және жадымызда, ішкі істер органдарының тарихында алтын әріптермен мәңгі сақталады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2022 жылдың 10 қаңтарын Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру