Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Өмір сүруден шаршадым”: полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

Павлодар облысында полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

8 қараша күні сағат 11.16-да Ақтоғай ауданының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қуаныш Қабдрахманов үйлердің бірінің ауласында мойын тұсынан пышақ сұғып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды байқады. Оған жүгіріп жеткен полиция қызметкері бірден оның пышағын алып, жедел жәрдем шақырып, ауыл тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ер адамды әңгімеге тартып, тыныштандыруға тырысады.

58 жастағы ауыл тұрғыны ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Полицейдің қырағылығы мен үйлесімді әрекетінің арқасында өз-өзіне қол салу әрекетінің алдын алып, ауыл тұрғынының өмірін сақтап қалды.

Видео осында.

Қуаныш Қабдрахмановтың іс-әрекеті туралы полиция басшылығы ауыл тұрғынының туысы Рахимов Әлиханнан білді. Ол полиция басшылығына бейне өтініш жазып, онда туысының өмірін сақтап қалған полицейге шын жүректен алғыс білдірді.

Айта кету керек, Ақтоғай ауданының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қуаныш Қабдрахманов ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп келеді және қоғамға пайдалы болып, адамдарға көмектесуді өзінің борышы деп санайды. Полиция ер адамның шарасыз қадамға баруына не себеп болғаны анықталып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру