Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған қарияны отбасымен қауыштырды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған қарияны отбасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт ауданының полицейлеріне жергілікті тұрғын хабарласты. Онда ер адам өзінің ауруханада ем қабылдап жатқан егде жастағы әкесі белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Жергілікті тұрғын әкесін бірнеше сағат бойы өздігінен іздеп, таба алмаған. Содан полицейлерден көмек сұрайды. Аталған хабар бойынша қазығұрттық полицейлер үшті-күйлі жоғалған қарияны табу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. 

Ауруханаға жақын көшелерді, аулаларды біртіндеп тексеріп, болуы мүмкін делінген аймақтардың барлығын бақылады. Көрген-білгендерден сұрастырды. Барлық полицейлерге бағытнама беріліп, жан-жақты іздестірілді. Соның нәтижесінде із-түссіз жоғалған егде жастағы қарияның жүрген жері анықталып, туыстарына аман-есен табысталды.

Анықталғандай, тәртіп сақшылары қарияны шамамен 3-4 шақырым қашықтықтағы көрші ауыл маңынан жаяу кетіп бара жатқан жерінен тапқан. Өз кезегінде әкесінің дін аман табылғанына қуанған ұлы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

– Менің әкем белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмады. Тез арада полиция қызметкерлеріне хабар беріп, көмек сұрадым. Олар екі сағат ішінде әкемнің жүрген жерін анықтап, тауып берді. Полицейлерге рақмет, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру