Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жоғалған банк картасынан ақша шешіп алған ер адам ұсталды

Қарағандыда жоғалған банк картасынан 200 мың теңге ақша шешіп алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 36 жастағы ауыл тұрғыны арызбен шағымданған.

Жәбірленуші азаматша осыдан төрт ай бұрын қалаға келіп, өзінің банк картасын жоғалтып алғанын және картадан жақын күндері белгісіз біреу Қарағанды қаласында 200 мың теңге ақшасын шешіп алғанын айтқан.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен арыз бойынша қылмысты ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар барысында 43 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Сондай-ақ аталған полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші өзінің ұялы телефонын жоғалтып алғанын, кейін сол телефоннан белгісіз біреу мобильдік қосымшасына кіріп, 53 мың теңге ақша шешіп алғанын айтқан. Криминалдық полиция қызметкерлерімен бұл дерек бойынша 27 жастағы күдікті ұсталды. 

Айғақ зат тәркіленді. Екі дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру