Оралда полиция тұрғындардың мүлкін ұрлаумен айналысқан күдіктіні құрықтады
Оралда полиция тұрғындардың мүлкі мен велосипедтерін ұрлаумен айналысқан күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкі мен велосипедтерін ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған Орал қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдікті шілде айының соңында өзімен көршілес тұратын әйелге тиесілі Stells велосипедін ұрлаған. Шығын сомасы 140 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ 6 тамызда күдікті саяжай қоғамдарының бірінің гаражына кіріп, сол жерден 40 жастағы Орал қаласының тұрғынына тиесілі Richman велосипедін және құрал-саймандарды ұрлап кеткен. Шығын 200 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар ол саяжай қоғамдарының аумағында ұрлықпен айналысты деп айыпталуда.
Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 4 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оның басқада осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.