Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралдық ПБ бастығының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында ІІМ ӨҚД пара алу кезінде Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.

“ІІМ лауазымға және атаққа қарамастан, пара алу және полицейлер жол берген азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерінің  жолын одан әрі де кесетін болады. Олардың кесірінен Қазақстан халқына қызмет ететін адал және таза полицейлердің атына кір келтіріледі. Қатардағыларды тазарту жалғасуда”, – деді ІІМ ӨҚД бастығы Арман Саданов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру