Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралдық полицейлер тұрғынның 9 қошқарын ұрлаған күдіктілерді ұстады

Оралдық полицейлер тұрғынның 9 қошқарын ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

23 шілдеде 102-ге жергілікті тұрғыннан телефон қоңырауы түсіп, мал қамағынан қойларының ұрланғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.Тексеру барысында белгісіз адамдардың 22 шілдеге қараған түні мал қамағына заңсыз кіріп, 9 қошқарды жасырын ұрлап кеткені анықталды.

Қылмыс орнына келген Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қаскүнемдердің іздері табылған оқиға орнына мұқият тексеру жүргізді. Криминалистикалық есепке алу базалары бойынша қалдырылған іздерді тексеру кезінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қылмыскерлер ізін суытпай ұсталды.

Олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыс орталығының жергілікті тұрғындары болып шықты. Мал ұрлаған қылмыскерлер өз кінәсін мойындады. Тергеу экспериментінде олар жануарларды кесетін орынды көрсетті. Олардың бұрын жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру