Ортақ қызмет, ортақ тағдыр: қос полицейдің махаббат хикаясы
2024 жылдың қазан айында Қарағандыдағы Б. Бейсенов атындағы ІІМ оқу орнында білім жолын бастаған екі жас сол сәттен-ақ бір-бірімен танысып, уақыт өте келе бұл таныстық қызметтегі ортақ мақсат пен өмірлік сезімге ұласты. Бүгінде олар полиция саласында абыройлы қызмет етіп жүріп, шаңырақ көтерген жас отбасыға айналды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызметтік дайындық пен кәсіби қалыптасу барысында басталған бұл қарым-қатынас уақыт өте келе берік сенім мен сыйластыққа негізделген махаббатқа айналды.

Бүгінде Жеңіс Мейір — Қарағанды облысы Приозерск қаласы полиция бөлімінің қылмысқа қарсы күрес тобының жедел уәкілі, ал Айдана Амангельдиева — Орал қаласы полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің тергеушісі қызметін абыроймен атқарып келеді.
Ортақ мақсат пен ортақ қызмет олардың байланысын одан әрі нығайтып, заңды некелерін қиып, отбасын құрды.

Бұл оқиға — тек екі жастың махаббат хикаясы ғана емес, қызмет пен сезімді қатар алып жүрген жас мамандардың өмір жолындағы маңызды белес. Ол адалдықтың, жауапкершіліктің және өз ісіне беріктіктің жарқын үлгісі.
