Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен полицейлері бейнекамераның көмегімен өзгенің көлігін айдап әкеткен тұрғынды ұстады

Бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстардың ізін суытпай ашуда үлкен көмек көрсетеді. Тек осы жылдың басынан бастап бейнебақылау камерасының көмегімен 94 қылмыс: оның ішінде: 8 тонау, 4 бұзақылық, 39 ұрлық және 13 айдап әкету қылмысы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 шілде күні Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөліміне қала тұрғыны қала көшелерінің бірінде орналасқан дәріхананың тұрағынан белгісіз біреу оның Hyundai Accent көлігін заңсыз иемденгені туралы өтінішпен жүгінген.

Әйел адам өз көлігінен бірнеше минутқа шығып, кілттерді тұтану қосқышында қалдырған, күдікті оны байқап, сол сәтті пайдаланғаны белгілі болды. Бірақ ол алысқа кете алмаған, оны бақылау камералары байқап, жеке басын анықтаған.

 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті ұсталды. Ол 43 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде күдікті өз әрекетін мойындады.

Қазіргі уақытта оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру