Өскемен тұрғыны итке қорлық көрсетті деген күдікке ілінді
Өскемен тұрғыны итке қорлық көрсетті деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін тіркелген өтініш бойынша полиция қызметкерлері Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол түнгі уақытта Өтепов көшесінің маңында мас күйінде итке қорлық көрсеткен.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 407-1-бабы (Жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша хаттама толтырылды.