Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 91 сотталған үшін алғашқы қоңырау соғылды

СҚО-да 91 сотталған үшін алғашқы қоңырау соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін СҚО бойынша ҚАЖД қарасты №48 мекемесінің 91 сотталғанға алғашқы қоңырау соғылды. Оқу сыныптарының бірінде өткен салтанатты жиын шағын концерттік бағдарламамен сүйемелденді. Мекеме басшылығы мен оқытушылар сотталғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

– Сапалы білім алу – сотталғандарды түзеу жолындағы іргелі негіз. Мекемелерге келген сотталғандар оқи және жаза алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Кейін олар құжаттарды толтыруда, хаттар жазуда және т.б. қиындықтарға тап болады. Біз сотталғандарға болашақта мамандығы бойынша әрі қарай оқуын жалғастырып, жұмыс істей бастауы үшін барлық қажетті білім беруге тырысамыз, – дейді мекеме оқытушыларының бірі.

Қазіргі уақытта мекемеде 9, 10 және 11-сынып оқиды. Оқушылардың ең көп саны 10-сыныпта – 46 адам, одан кейін 11-сынып – 36 сотталған және 6 оқушымен 9-сынып үштікті жабады. Қазіргі уақытта ең ересек оқушы – 36 жаста.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру