Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны үйінде аңшы мылтығын заңсыз сақтаған

Өскемен тұрғыны үйінде аңшы мылтығын заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ақпан айының басында заңсыз қару сақтады деген күдікпен 28 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында жатын бөлмедегі шкафтың астына жасырылған қару табылды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, табылған зат тегіс ұңғылы аңшылық мылтығының кесіндісі – атыс қаруы. Аталған тегіс ұңғылы аңшылық мылтық 28 калибрлі патрондарымен атуға арналған. Мылтықтың кесіндісі оқпанды өздігінен қысқарту және “ИЖ-К” үлгісіндегі тегіс ұңғылы шүріппенің аңшылық мылтығының оқпанын бір бөлігін алып тастау жолымен дайындалған.

Тексеру кезінде қару ІІО есебінде тұрмайтыны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қарудың осы азаматқа қайдан келгендігі анықтауда, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру