Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде 5 қызды алдап кеткен алаяқ ұсталды

Өскеменде 5 қызды алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ-ге алаяқтықтың арбауына түскен 5 қыздан арыз түсті. 23 жастағы қала тұрғыны ақшалай көмек көрсету сылтауымен жәбірленушілердің атына қымбат смартфондар мен смарт-сағаттар ресімдеген. Залалдың жалпы сомасы шамамен 3,4 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам өз ісін мойындады. Анықталғандай, ол өзінің таныстарына қаржылай көмектесемін, шағын несие ұйымдарында несие ресімдеп беремін деп сылтауратып, аттарына тауарлық несие алған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру