Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде алаяқтың құрығына түскен азамат 2,6 млн теңгесінен айырылды

Өскеменде алаяқтың құрығына түскен азамат 2,6 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы Өскемен тұрғыны жүгінген. Ол сәуір айының соңында бейтаныс адам автокөлікке құжаттарды ресімдеуге көмектесемін деп одан 2 650 000 теңге талап еткенін айтқан. Алайда “көмекші” өтініш берушіден төлем алып, мәміле шарттарын орындамаған және алынған соманы иемденіп алған.

Хабарламаны алғаннан кейін тәртіп сақшылары күдіктіні қысқа мерзімде ұстап алған. Қылмысқа Риддер қаласының 47 жастағы тұрғынының қатысы бар. Оған қатысты сотқа келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру