Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде аулада марихуана шеккен жігіт Сергек камерасына түсіп қалды

Өскеменде аулада марихуана шеккен жігіт Сергек камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы орталығында полиция қызметкерлері есірткіні пайдаланған және сақтаған деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Құқық бұзушы Сергек АБК камераларының біріне түсіп қалған.

Бейнебақылау камерасы заңсыз әрекетті тіркегеннен кейін бірнеше минут өткен соң оқиға орнына тәртіп сақшылары келген. Полицейлерді көре салысымен жас жігіт «темекі шегу аппаратын» тастауға асыққанымен, кеш қалған.

Сараптама көрсеткендей, ұстау кезінде қала тұрғыны каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткіге масаң күйде болған.

Полицейлер жас құқық бұзушыдан фольгасы бар пластикалық бөтелке мен спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты салынған бір қағаз ораманы тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 1,51 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру