Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бағдаршам еліне саяхат” – павлодарлық полицейлер бүлдіршіндерге жол ережесін түсіндірді

Павлодарлық полицейлер бүлдіршіндерге бағдаршам еліне саяхат жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды Павлодар облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторлары Айбек Рақышев пен Арай Төлемісова жетеледі.

Құқықтық тәртіп сақшылары ойын түрінде Жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар өткізді. Балаларға жол белгілері туралы және бұл белгілердің жолдарда не үшін орнатылғандығы туралы айтып, бағдаршамның көмегімен жүріс бөлігін қалай өту керектігін және жолда әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріп, көрсетті.

– Биыл балалардың қатысуымен Павлодар облысының жолдарында 65 ЖКО тіркелді, соның салдарынан, өкінішке орай, 3 бала көз жұмды, тағы 73 бала түрлі жарақат алды. Балаларды қорғау мәселесі барлық мемлекеттік органдардың ерекше бақылауында және Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады,- дейді Арай Төлемісова.

Ол сондай-ақ осыған байланысты полиция балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу, балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту бойынша түрлі іс-шаралар өткізіп жатқанын атап өтті.

– Бүгін біз балаларға қажетті дағдыларды үйрету үшін практикалық сабақтарды ойын түрінде өткізуді ұйғардық. Оқытудың бұл түрі өте пайдалы. Менің ойымша, егер бір бала бүгінгі алған білімін пайдаланса, онда сабақты бекер өткізген жоқ, – деп есептейді Айбек Рақышев.

Сабақ барысында балалар сұрақтар қойып, оларға полицейлер түсініктеме берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру