Өскеменде елорда тұрғыны түрмедегі танысына жаңғаққа жасырып есірткі өткізбек болды
Өскеменде елорда тұрғыны түрмедегі танысына жаңғаққа жасырып есірткі өткізбек болды – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан тұрғыны Өскемен қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеуші танысына жаңғақ ішіне есірткі өткізбек болды.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/20 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды түзеу мекемесінің ішкі аймағына өткізу әрекетін болдырмады. Пошта сәлемдемесін тексеру кезінде қорапта грек жаңғағы табылды. Жаңғақты ашу кезінде қабықтың астында белгілі бір иісі бар өсімдік табылды. Сонымен қатар, қағаз сүлгіні ойықтап кесіп, ұялы телефон жасырып, ал тіс пастасы қорабына ұялы телефонға арналған керек-жарақтар салынғаны анықталды. Тәркіленген заттар сараптамаға жолданды.
– Келіп түскен барлық сәлемдемелер түзеу мекемесінің қызметкерлерімен мұқият тексеріледі. Сотталғандарға алуға тыйым салынған заттар мен тамақ өнімдері тәркіленеді. Өкінішке орай, ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен мен түсіндірулерді ескерместен, «қамқор» достар бұл туралы біле отырып, қызметкерлер байқамайды деп үміттеніп, заңсыз нәрсені жеткізуге тырысады. Тапқырлық жазадан құтылуға көмектеспейтінін еске сала кеткен жөн, – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/20 мекемесі бастығының орынбасары Ермек Айтмұқашев.