Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлігіне LED жарық шамдарын орнатқан жүргізушіге айыппұл салынды

Атырауда көлігіне LED жарық шамдарын орнатқан жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау қаласы аумағында жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарына ксенон, LED жарық шамдарын орнатып жүргізген 500-ден астам жүргізушіні анықтады. Олардың әрқайсысына әкімшілік айыппұлдар салынды.

Мәселен, 18 шілде күні сағат 23:34 шамасында Сәтпаев көшесі бойында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралына LED жарық шамдарын орнатып жүргізген Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, көліктің 24 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, 15 315 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру