Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудный тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген

Рудный тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарасора өсіруге арналған арнайы бөлмені Рудный қаласының тұрғыны жабдықтаған. 37 жастағы ер адам өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін ұсталды.

“Қарасора 2022” жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Рудный қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады. Көпқабатты үйдің пәтерінде рудныйлық арнайы бөлімде каннабистің әртүрлі сорттарының 4 бұтасын өсірген. Бірнеше үлкен кастрюльдер жылу шағылыстырғыш материалмен қоршалып,жоғарғы жағында шамдармен жабдықталған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған заттар алынды және есірткі заттарына сот-сараптамалық зерттеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру