Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық күрестен турнир өтті

Өскеменде күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық күрестен турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ІІМ-де қоян-қолтық күрес, самбо, дзюдо, еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлері кеңінен таралған. Соның ішінде құқық қорғау органдарының жауынгерлік даярлығындағы қоян-қолтық күрестің маңыздылығы ерекше. Аталған сайыс нағыз ер жігіттердің бәсекесі саналады. Мұнда жекпе-жектің әдіс-тәсілдерін жақсы меңгерген мықтылар ғана жеңіс тұғырынан көріне алады.

Қаңтар айында Өскемен қаласы Жекпе-жек сарайында Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан біріншілігіне іріктеу турнирі өтті. Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген 100-ден аса спортшы қатысты. Олар 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара сынға түсті. Дүбірлі сайыста сынға түскен спортшылар жоғарғы дайындықпен келгенін алғашқы жекпе-жектерінен-ақ көрсете білді.

Тартысқа толы бәсекеде жеңістің биік тұғырынан жалпы командалық сайыста бірінші орынға ШҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері тынымсыз еңбек пен асқан шеберліктің арқасында жеңіс тұғырынан көрінді.

Осылайша, полиция қызметкерлері Бейбіт Хамидуллин 88 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға, Нұрсұлтан Жұмағалиев 97 келі жоғары салмақ дәрежесінде бірінші орынға, Аян Тұрдыбеков 80 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға, Аманжол Нұралыұлы 80 келі салмақ дәрежесінде екінші орынға, Нұртілек Елеуханов 80 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға, Нұрасыл Айтжанов 67 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие болды.

Командалық есеппен жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздары және медальдармен марапатталды. Сайыс құқық қорғау қызметкерлерінің шеберлігін шыңдап, тәжірбие жинауларына үлкен сеп болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру