Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде өткен Open Air аясында есірткіге қарсы акция өтті

Өскеменде өткен Open Air аясында есірткіге қарсы акция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы концерттік маусымның жабылуына орай ұйымдастырған Open Air іс-шарасы барысында бірқатар профилактикалық шаралар өткізді.

18-21 маусым аралығындағы төрт күн бойы концерт алаңына келген көрермендер мен қонақтарға ШҚО полиция департаменті мен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы бірлесіп дайындаған есірткіге қарсы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткі заттарын қолдану мен таратудың салдары, сондай-ақ есірткі қылмыстары үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берді.

Іс-шара барысында қатысушыларға профилактикалық бағыттағы 1000-ға жуық ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Акцияның негізгі мақсаты – жастардың есірткі таратуға байланысты заңсыз әрекеттерге, оның ішінде "жасырын қойып кетуші" ретінде тартудың алдын алу, сондай-ақ есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру және заңға бағынатын өмір салтын насихаттау болды.

Полиция нашақорлық пен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Бұл ретте жастарды есірткі қылмыстарының зардаптары туралы ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру