Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде Парламент Мәжілісінің депутаты тергеу изоляторына барып қайтты 

Өскеменде Парламент Мәжілісінің депутаты тергеу изоляторына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова Өскемен қаласындағы тергеу изоляторында болып, қаңтар оқиғасына қатысқан адамдарды ұстау жағдайын көрді.

Мәжіліс депутаты департамент басшысы Жанболат Кәлетаевпен бірге қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың отырған жерлерін аралап шықты. Мұнда қазір аталған оқиға бойынша 15 адам қамауда. Ирина Унжакова тергеудегі және қамауға алынғандардың құқықтарының сақталу деңгейімен танысып, бірнешеуімен әңгімелесті.

Күдіктілер мен айыпталушылар депутатқа өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, изоляторда қандай да бір азаптау фактілерінің жоқтығын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Өскемен және Семей қалаларында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысу, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, оқ-дәрілерді, есірткі құралдарын заңсыз сақтау, арнайы техниканы айдап әкету, терроризм актілері күдігімен 130 адам ұсталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру