Өскеменде полицейлер 6 жастағы баланы жедел тауып алды
Өскеменде полицейлер 6 жастағы баланы жедел тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қыркүйек сағат 16.28-де «102» жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті, ол кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмек көрсетуді сұрады.
Әйелдің айтуынша, оның 6 жастағы баласы үйден ойын алаңына серуендеуге шыққан, содан кейін белгісіз бағытқа кеткен. Әйел ұлын өз бетінше табуға тырысқан, барлық таныстары мен достарына қоңырау шалған, бірақ оның қайда екенін біле алмады.
Кәмелетке толмағанның тұрған жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы, сондай-ақ Өскемен қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы дереу жиналды.
Тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан адамдарға қандай да бір ақпарат алып, іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды мұқият аралап шықты.
– Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция қызметкерлері Медет Жанапин мен Рауан Баймолдин қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғалған бала Республика алаңында табылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол туған – туыстарына жеткізілді, – деп түсіндірді Өскемен қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.
Өз кезегінде баланың анасы құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін үлкен алғыс білдіреді.